Қазақстандықтар көктемнің алғашқы күнін «рахмет» сөзімен қарсы алады. 1 наурыз жас, бірақ өте терең мағыналы мереке - Алғыс айту күні ретінде тойланады.
Алғыс айту күні – Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қиын-қыстау кезеңді аз ғана уақыт ішінде еңсерген әрбір ел азаматының бір-біріне құрмет көрсету күні.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні.









