Кітап, кітапхана-мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты (Ә.Кекілбаев)
Құрметті кітап сүйер қауым! Қарғалы аудандық орталық кітапханасы «Сoworking» орталығында жайдары жаз мезгілін бізбен өткізуге шақырамыз! Орталықтың мақсаты: барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру, орталық қызметін пайдаланушыларға заман талабына сай қызмет түрлерін ұсыну. Жалпы «Сoworking» сөзі бірлесе жұмыс жасау деген Замануи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Кітапханада ашылған орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған, ыңғайлы креслолар, үстелдер, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, интернет, принтерлер, сканерлермен жабдықталған. Орталық 5 аймақтан тұрады.
1. Тіркеу аймағы
2. Интернет аймағы
3. Интеллектуалды аймақ
4. Балалар аймағы
5. Демалыс аймағы.
Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақ та, әр қайсысының орыны бөлек, ерекше…Сондықтан да, әрбір ерекше күнімізді, жаңа, ерекше кітаптар оқып өткізейік!!!









