Іс шара мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы, шығармашылық қызметі жайлы мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.О.Әуезовтің қаламынан туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы білімдерін қалыптастыру.
Шараға 6 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы М.Әуезовтің өмір баяны мен шығармашылығы туралы бейнебаян тамашалады. Шараға қатысушылар өздері оқыған шағармалары туралы өз ойларын ортаға салды.
Бекболат Нурадин, Әуезовтің қолға үйретілген қасқыр мен қойшының баласының достығы туралы "Көксирек" әңгімесін айтты.
Сағынбай Аяна, қазақ ауылындағы кедей - кепшіктердің ауыр тағдырын суреттейтін " Жетімнің үлесі" әңгімесі туралы өз ойымен бөлісті.
Оқушыларға М.Әуезовтің өмір баяны мен шығармашылығы жазылған жадымалалары таратылды. Шара соңында " Ұлы ғасырдың - Ұлы тұлғасы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.









