Аты аңызға айналған ақ тарының атасы, әйгілі рекорд иесі Шығанақ Берсиев 1881 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, АщыОйыл бойында дүниеге келген.
Ол - соғыс жылдары тары өсіруден әлемдік рекорд орнатып, майдан даласындағы кеңес әскеріне қаржылай көмек көрсеткен қарапайым еңбек адамы.
Көзі тірісінде Ленин орденімен марапатталған тары өсірушінің Ақтөбе облысы Ойыл ауданында мұражайы бар. Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған.
Оның өмірі мен ерен еңбегі Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романына , неміс драматургы Бертольд Брехттің «Тары өсіруші» дастанына арқау болды.









