10 қараша Степной модельді ауылдық кітапханасында ұлы жазушы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған "Зерделі сөз зергері" атты әдебиеттік оқу өткізілді.
Мақсаты: Жазушының шығармаларын насихаттау, оқырмандарға қосымша жаңа мәліметтер беру.
Шара барысында көрмеге жазушы "Ғ.Мұстафин туралы естеліктер", "После бури", "Өмір белестері", "Қарағанды" романы кітаптары, нақыл сөздері жазылып қойылды.
Кітапхана меңгерушісі оқырмандарға жазушының өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер оқыды, оқырмандарға ақын туралы эссе жазу тапсырылды. Барлық мәліметті тыңдай отырып, түсініктерін қағаз бетіне түсірді. Эссе жазуда оқырмандар жазушының нақыл сөздерінің мағынасын тереңінен ашты.
Эсселерді тексеріп, қорытындысы бойынша 7 сынып оқушылары Дүйсенғұл Азиза(1орын), Әбдірасылқызы Толғанай (2орын), Күнбергенова Жансая (3орын) жақсы нәтиже көрсетіп, ынталандыру сыйлықтары берілді. Оқырмандар шараға белсене қатысты.









