12 қыркүйек күні Қарғалы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен "БиблиоАрбат-2024" маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Шараға аудан әкімі Н.А.Өнербаев және аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан тұрғындары белсенді қатысты.

Құттықтау сөз алған аудан әкімі Н.А.Өнербаев кітапхана саласындағы жетістіктер мен жергілікті бюджеттен көрсетілетін қолдау жөнінде атап өтті. Сонымен бірге, "БиблиоАрбат-2024" маусымына белсене қатысқан аудан мекемелеріне және жоба авторы, кітапхана әдіскері Қ.Т.Қартбаевқа алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Салтанатты шара кітап көрмелеріне библиографиялық шолумен жалғасты. Көрермендер өз кезегінде Kahoot ойынын қызығушылықпен ойнап, үздік шыққандар кітапхана әкімшілігі тарапынан сыйлықтарға ие болды.

Кешке жиналған оқырмандар фотогалерея тамашалап, естелік суретке түсіп, аудан өнерпаздарының өнерлерін тамашалады.