Қарғалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 27 наурыз күні «Тұманбай тұнығынан тамшы» тақырыбында онлайн форматта аудандық байқау өтті. Аудандық байқауының мақсаты: Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай ақынның әдеби мұрасын насихаттау, шығармашылығын ұлықтау және жас ұрпаққа таныту болып табылады. Байқау арқылы ұлттық әдебиетімізді құрметтеу мен оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Байқаудың бірінші жеңімпазы Әлімбет ауылдық модельді кітапханасының оқырманы Аймагамбетова Алтынай Газизовна иеленді.









