2025 жылдың 16 сәуірінде Қарғалы аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Мәртебелі кітап» атты салтанатты кеш жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл рухани - мәдени шараның мақсаты - кітаптың қоғамдағы орнын айшықтап, оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайту, жас буынның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.









