Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.
Республика күні — халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!