Қарғалы аудандық орталық кітапханасында «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында 2026 жылға таңдалып алынған қаламгерлер — Бәкір Тәжібаев пен Ертай Ашықбаевтың еңбектері оқырман назарына ұсынылды. Бұл авторлардың шығармалары туған өлкенің тарихын, тағдырлы кезеңдерін, адам болмысы мен ұлттық рухты терең суреттейді. Әрбір туынды — ойға жетелейтін, жүрекке жол табатын рухани қазына. Кітап оқыңыз — туған өлкені таныңыз!