Мұхтар Шаханов – поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастырып, қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек әкелген бірегей тұлға. Оның шығармалары ұлттық руханияттың ажырамас бөлігіне айналып, оқырман санасына терең ой мен жаңаша серпін сыйлады.
Ақын ел ішіндегі өзекті мәселелерге үн қатты.  Арал тағдыры мен ана тіліміздің мәртебесіне, "Желтоқсан" оқиғасына,  ұлт тағдырына қатысты батыл пікірлерімен танылды. Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі мен мұрасы халық жадында мәңгі сақталады.