10 тамыз — қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор әрі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Оның шығармалары қазақ халқын білімге, ғылымға, еңбекке, адамгершілікке және ізгілікке үндейді. Ақынның өлеңдері мен «Қара сөздері» — ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық руханияттың баға жетпес мұрасы.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Интернатта оқып жүр» сияқты шығармалары жастарды білім мен өнерге ұмтылуға шақырады.
Абай мұрасы — халқымыздың рухани қазынасы. Оның терең ойлары мен өнегелі сөздері бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Абайды тану — ұлттың рухани әлемін тану.
Абай мұрасы — мәңгілік мұра!










