Қарғалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқы like» жобасы аясында 2022 жылдың 25 ақпан – 25 наурыз аралығында Тахауи Ахтановтың «Боран» шығармасы оқырмандарға оқуға ұсынылды. 29 наурызда шығарма бойынша жобаға қатысқан оқырмандар арасында тест жұмысы жүргізілді. Қатысушылар арасынан үздік шыққан оқырмандар жүлделі орындармен, сыйлықтармен марапатталды. Атап айтар болсақ Бозтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Абдрахманова Айжан бірінші орынды, Қарғалы аудандық орталық кітапханасының оқырманы Тулматова Бағила екінші орынды, Қайрақты ауылдық кітапханасының оқырманы Даурбаева Алмагуль үшінші орынды иеленді. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын құрметті оқырмандар!