19 маусымда Қарғалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Jad.time» жобасы аясында жерлес ақын Сағи Жиенбаевтің туғанына 90 жыл толуына орай ақынның шығармалары мен өміріне арналған ақпараттар бойынша оқырмандар арасында өткен аудандық онлайн бейнеролик жасау байқаудың қорытындысы жарияланды. Мақсаты: Қоғам арасында кітап оқуды қалыптастыру, кітапты құрметтеуге тәрбиелеу. Облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалған Сағи Жиенбаевтің шығармаларын көпшілік арасында насихаттау. оқырмандардың арасында автордың шығармасына деген қызығушылықты арттыру.