Бүгін Петропавл модельді ауылдық кітапханасында "Асқақтай бер, Нұр-Сұлтан!" атты сурет сайысы өткізілді. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Отанымыздың астанасына деген қызығушылықты дамыту. Іс шара барысында Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтанның тарихымен танысты. Нұр-Сұлтан қаласының ең көрнекті жерлерін бейне ролик арқылы тамашалады. Суреттер салды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. 1 орын- Алиев Нұрахмет 2 орын - Жанбулатова Альбина 3 орын - Әзірбаева Медина Байқаудың қалған қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары табысталды.