"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ
"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ
Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында 3 қараша күні қазақ ағартушысының Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай " Кел балалар, оқылық! " жобасына Ы. Алтынсариннің өлеңдерін оқу атты әдеби сағат өткізілді.
Шара барысында кітапхана меңгерушісі Ж. Нишпаева Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызмет туралы және шығармаларымен таныстырып, кітап көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Іс - шараға мектеп кітапханашы Г. Мухлесова және балалар қатысты.
Іс-шара барысында балалар Ы. Алтынсариннің "Кел балалар, оқылық!", "Өнер - білім бар жұрттар"... өлеңдерін оқып берді.
"Әке мен бала" бейне ролик көрсетілді, балалар осы әңгімеге өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында Ы. Алтынсариннің шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтарға белсене жауап берді.
Шараның мақсаты: қазақтың көрнекті ақын - жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, оның шығармашылығымен жақынырақ таныстыру. Өлеңдерді сүйіп оқуға, оқығанды түсіне білуге үйрету.









