Қарғалы аудандық балалар кітапханасы «Ұлттық теңге- ел тәуелсіздігінің символы»  білім ауционын ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға  Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.
Шара барысында Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасы теңге туралы видео ролик тамашалап, Қазақстан Республикасының көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы,тенгенің шығу тарихы, адам өміріндігі маңыздылығы туралы мағлұмат берілді. Оқырмандар берілген тапсырмаларды орындап, викториналық сұрақтарға толық жауап берді. Кітапханашы қойған сұрақтарға кідірмей жауап берді, бір-бірімен  мақал-мәтелдер айтып жарысты. Қарғалы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы  К.Т. Алжанова «Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы» атты  кітап көрмесімен таныстырды.