Қарғалы аудандық орталық кітапханасы 2021 жылы қараша айының 24 күні ақын, журналист, көркем аударма шебері Амантай Өтегеновке «Өлеңдерінде өрілген өмір» атты әдеби каламбур өткізді. Мақсаты: ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Қазақ әдебиетiмен сусындап өскен әрбiр оқырманға шығармалары жақсы таныс. Қайтпас қажыр мен қайнаған қуат, күшті рух бар. Орысша жазса да, қазақ оқырманы оны Мұхтар Құрманалин, Байбота Серікбаев, Ертай Ашықбаев, Бауыржан Құрманқұлов сынды ақындар аудармасы арқылы жақсы біледі. Сонымен қатар, Амантай Өтегенов — белгілі журналист, Қ.Мұхамеджанов, Т.Ахтанов, Ә.Кекілбаев, Б.Мұқай, С.Асылбеков, Ә.Мархабаев, Қ.Шаңғытбаев, Ә.Нұрпейісов, т.б. шығармаларын орысша «сөйлеткен» аудармашы.
Шара барысында, ақынның кітаптарынан кітап көрмесі қойылып, кітапханашы З. Гусманова таныстырып, ақынның аударма өлеңдері оқылды.
https://gukrzbs.kz/kz/is-sharalar/298-le-derinde-rilgen-mir.html#sigFreeId9145e94996









