16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай аудандық деңгейде  "Тұғырлы тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға аудандық кітапхана қызметкерлері тақырыптық көрмемен қатысты. "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" инсталляциялық көрме    облыс орталығынан келген қонақтар облыстық маслихат хатшысы Нұғманов Амангелді Шайхуллаұлы, облыстық маслихат депутаты Лазарчук Евгений Геннадьевичке, аудан әкімі Асқар Қазиханұлына, аудан тұрғындарына кеңінен таныстырылды. Көрмеге Нұрсұлтан қаласының көркін келтіріп сән беріп тұрған еңселі Ақорда бейнесі мен әсем ғимараттар бейнесі, отыз санының бейнесі кітаптар сериясын жасалып, тақырыптық кітаптар қойылды. Көпшілікке тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнайы жасалған таратпа материалдар берілді.