Қарғалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері 13 желтоқсан күні 16 желтоқсан Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай «Жадымызда желтоқсан жаңғырығы»атты слёд  болып өтті.  Шара барысында Қарғалы аудандық орталық кітапханамыздың  әдіскері Қартбаев Қанат Талапбайұлы сөз алды. Желтоқсанда болған оқиғалар туралы видеороликтер көрсетілді, Баймұханов Жомарт «Желтоқсан желі»  әнін домбырамен нақышына келтіріп орындап берді.  Шараға Қарғалы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бисенов Сабыржан Нұрахметұлы және тәуелсіздік құрдастарымен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты. Тақырыпқа сай тәуелсіздік құрдастарымен қызықты ойындар ойнатылды. Нәтижесінде мерекеге орай жақсы тілектер білдірілді. Соңында Баймұханов Жомарт «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен аяқталды