11 ақпан күні Әлімбет ауылдық кітапханасында Әлімбет жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Мария Михайлованың жетекшілігемен 1 сынып оқушыларына экскурсия өткізілді. Мақсаты : Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру , кітаптың адам өміріндегі маңызы , ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру . Экскурсияны кітапханашы Дарменова Назымгуль кітапхананың ережелерімен таныстырды .
Балалар оқу залында бар балаларға арналған журналдарды қуана тамашалады: «Айгөлек», «Фантазеры», «Непоседа».
Ертегі кейіпкері Знайка «Сиқырлы сандық» ертегілері бойынша қызықты викторина өткізді, онда ертегі кейіпкерлерін есте сақтау, жетіспейтін сөзді қосу қажет болды. Оқушылар кітапханаға оқырман болып жазылып, өздеріне ұнаған кітаптарын алып, жақсы көңіл күймен тарасты.









