Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 27 қазан күні карантин талаптарын сақтай отырып, офлайн түрінде «Цифрландыру заман талабы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: Кітапханашылардың кәсіби біліктіліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу, кітапханашыларды инновациялық идеяларға дағдыландыру. Семинарға ауылдық кітапханалардың кітапханашылары қатысты. Шара барысында кітап қорын жинақтау бөлімінің меңгерушісі С.П.Сахановская «Қаз ҰЭК. Авторлық құқық» тақырыбында баяндама оқыды. «Құжаттарды QR кодтау» тақырыбында библиограф Бисембаева Гүлмира баяндама оқып, құжаттарға QR код жасау әдісімен бөлісті. Семинардың мастер сағат бөлімінде кітапхананың суретші – безендірушісі Мужабаева Кенже пвх материалынан көрмеге сай тақырыптарды, дәйексөздерді, әріптерді т.б жасау жолдарын іс жүзінде жасап көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Кітапханада жүзеге асыруды жоспарлап отырған «ОҚЫ-like» пилоттық жобасын кітапханашы Тулкибаева Жанат көпшілікке таныстырды. Семинар барысындағы қызықты сәттердің бірі «100%» тенингі болды. Тенингті кітапхана әдіскері Қартбаев Қанат өткізді. Тренинг барысында адамдардың жаңашылдыққа құштарлығы жайлы сөз болып, іс жүзінде ойын ретінде көрсетілді. Семинардың қорытынды сәтінде алдын ала онлайн түрінде өткен «Кітапханашының бір күні» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Семинар мазмұнды өтті.









