Балалар кітапханасының мақтаныштары!!!

1.Қарғалы аудандық балалар кітапханасы "Оқырман бенефисі" салтанатты іс-шарасын, кітапхананың үздік оқырмандарын марапаттау рәсімін өткізді. Төтенше жағдайға байланысты ұйымдастырылған онлайн шығармашылық іс-шараларға қатысып, белсенділік танытқаны үшін Қаржауова Жазираға, Жолдас Данагүлге, Асанбаев Алтынбекке, Боранбаева Шамшыраққа, Боранбаева Жаншуаққа, Исмагулова Маликаға, Жусупова Ақеркеге алғысымызды білдіреміз. Іс-шара қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

2.«Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту» ММ қолдауымен, Ойыл аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Бала Би - 2020» атты балалардың онлайн шығармашылық байқауына Канмамай Кәусар №2 Бадамша орта мектебінің 7 «б» сынып оқушысы  қатысып, Алғыс хатпен сыйлыққа ие болды.

3.Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына арналған «ОҚЫ, АҚТӨБЕЛІК ӨРЕНІМ!» облыстық оқу марафонына аудан көлемінде қатысқаны үшін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры С.Хакимовадан Тулебаев Нұрсұлтан Алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталды.

4.№ 2 Бадамша орта мектебінің 7 «б» сынып оқушысы Қарасаев Нұрмұхамбет «Байғанин оқулары - 2020» облыстық көркемсөз оқу сайысына қатысып, ақынның «Мамайдың Қараүлекті жоқтауы», «Құбығұл» дастанның үзіндісін  жатқа оқып,  Мадақтамасына және сыйлыққа ие болды

С уважением,Актюбинский обл.