7 сәуір күні Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Балғабеков және департамент басшысының бірінші орынбасары Ғ.Досанов, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары М.Балмағамбетова, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.Раймбаева жұмыс іс-сапарымен Қарғалы ауданына келді.
 
Іс-сапар барысында Желтау ауылдық округі, Петропавл, Әлімбет ауылдық кітапханаларының және осы аталмыш кітапханаларда жыл басында ашылған «Парасат жолы» орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар аталған кітапханалардағы «Парасат жолы» орталықтарының жұмысына сәттілік тіледі.