12 мамырда Қарғалы аудандық орталық кітапханасы 2021 жылы «Оқитын өлке» облыстық акциясына таңдалып алынған  Амантай Өтегеновтың шығармаларын насихаттауға арналған «Ақынның отты өлеңдері» тақырыбында «Тарикат» өлеңдер жинағына бенефис ұйымдастырды. Офлайн түрде өткен шараның мақсаты ақынның өмір жолы мен шығармаларын көпшілікке насихаттау. «Тарикат» өлеңдер жинағына  шолу жасау. Оқырмандар санын арттыру. Бенефис барысында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мусина Жанна Мекешовна «Тарикат» өлеңдер жинағынан «Тарикат» өлеңін оқып, мағынасын түсіндірсе, кітапханашы Гусманова Зайра Есентаевна осы өлеңдер жинағынан «Казахи» өлеңін оқыды. Оқырман Қаржауова Жазира «Тарикат» өлеңдер жинағынан «Еще не вечер» өлеңін мәнерлеп оқыды. аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы. Алжанова Кенжегүл Тлеуліқызы ақынның  өмірі мен шығармашылығы туралы айтты. Шара үшін арнайы дайындалған бейнероликті оқырмандар қызыға тамашалады.