Әлімбет ауылының демалыс саябағында 2021 жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына орай "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме бес бөлімнен тұрды: Поэзия: Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Тоқтарәли Таңжарық «Түн парақтары», Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

Проза: Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі», Тобық Жармағамбетов «Отамалы», Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр», Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет», Даурен Қуат «Бөрісоқпақ», Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

Драматургия: Рақымжан Отарбаев «Айна ғұмыр», Дулат Исабеков «Жеті желкен», Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі», Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі», Думан Рамазан «Пешене», Сая Қасымбек «Жанталас».

Балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек», Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити», Толымбек Әбдырайым «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу», Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас». Аударма: Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық», Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір», Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион», Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн», Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап" атты кітап көрмесінде поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы таңдаулы авторлардың 30 үздік туындысы, сондай-ақ осы авторлардың әр жылдардағы басылымдардың басқа да кітаптары ұсынылды