15.06- 15.07 уақыт аралығында «ОҚЫ-  like» жобасы және  2021 жыл балалар мен жасөспірімдер кітап оқуын қолдау жылы  аясындағы «Жаз кітаппен » бағдарламасы бойынша  Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан»  романын оқуға ұсынып, қатысушылар арасында онлайн тест жүргізілді. Мақсаты:   қоғам арасында кітап оқуды қалыптастыру, және кітапты құрметтеуге тәрбиелеу, еліміз бен шетел авторларының шығармаларына қызығушылықты арттыру. Тестілеу нәтижесінде оқ бойы озып шыққан тұрақты оқырмандар төмендегідей марапатталды.

1-орын Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Жакешова Маздақ
2-орын алған Қайрақты ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Сатубалдина Сырымгүл
3-орын Қосестек ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Сүлейменова  Айгул және Жосалы ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Сүлейменова Ботакөз  марапатқа иеленді.  Ынталандыру сыйлықтары жіберіліп онлайн түрінде  марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын жоба жеңімпаздары!