«Жыр аққуы»
Қарғалы аудандық орталық кітапханасы 2021 жыл 19 тамызында ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, ақын Марфуға Айтхожинаның 85 жылдық мерейтойына орай «Жыр аққуы»тақырыбында оқырмандармен танымдық сағат өткізді. Танымдық сағаттың мақсаты тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру, ақиық ақын Марфуға Айтқожина шығармашылығын жастар арасында насихаттау.
Танымдық сағатта «Жыр жазамын жүрегімнен »атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның суреттерімен безендірілді. Кітапханашы П.Е Күнай ақынның өмірбаяны мен шығармалары жөнінде кеңінен айтып өтті. Марфуза Айтқожинаның «Күрең шәй » атты өлеңін кітапханамыздың тұрақты оқырманы Алжанова Кенжегүл нақышына келтіріп оқыды. Тақырып соңында түйіндей келе қатысушылар Марфуға Айтқожина туралы қорытынды сұрақтарға жауап беріп постер қорғады.
https://gukrzbs.kz/kz/zhanaly-tar/265-zhyr-a-uy.html#sigFreeIdc0c03bb463









