Ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған
«Ахмет Байтұрсынов тағылымы» дөңгелек үстел
Қарғалы аудандық балалар кітапханасында «Ахмет Байтұрсынов тағылымы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ақынның шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру мақсатында Қарғалы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Алжанова Кенжегүл Тилеулиевна ақынның шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беріп, ақын өмірін бейнебаянмен көрсетті.
Іс-шара бойынша «Ахмет Байтұрсынов тағылымы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өтті. Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Жоқтау» т.б. қаламынан туған шығармалары жас оқырмандар назарына ұсынылды.
Іс-шараға № 2 Бадамша орта мектебінің 2 «А» гимназия класс оқушылар және сынып жетекшісі Ләйлә Коптенова қатысты. Амандық Мейрам «Маса», Мұхаддин Айзат «Ғылым», Құрбанғали Шоқан «Анама хат» ақынның өлеңдерін оқыды.
Іс-шара соңында «Ахмет Байтұрсынов өмірі» мультфильмі жас оқырмандар назарына ұсынылды.
https://gukrzbs.kz/kz/zhanaly-tar/272-erte-zhastan-bastalatyn-ekologiyaly-m-deniet.html#sigFreeIdd8c850fb2e









