Қарғалы аудандық балалар кітапханасы балалардың және жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай « Ертегілер әлеміне саяхат » тақырыбында ашық аспан астында шара ұйымдастырды . Шара барысында балаларға кітаптар туралы викториналық сұрақтар қойылды. Ертегі кейіпкерлері қонақ болды, жас оқырмандармен өлеңдер айтып, флэшмоб биледі. Қойылған жұмбақтарға дұрыс жауап бере отырып, мақал-мәтел айтып жарысты. Шара соңында қызықты ертегілерден топтастырылған жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.