Peспубликалық "Бірлік" ЖҚ қорының мәдениет саласының имиджін қалыптастыру мақсатында "Үздік кітапхана жетекшісі-2021" кітапхана басшылары арасында республикалық байқау ұйымдастырды. Байқаудың бірінші кезеңі 20 қыркүйек- 10 қазан аралығында облыс көлемінде өткізілді.Бұл кезеңде "Қазіргі жағдайда кітапхана қызметін дамыту стратегиясы" атты мақала немесе жоба ұсыну керек болатын.Кезең бойынша жоба дайындалып, екінші кезеңге өтті.Екінші кезең 15 казан-30 қазан аралығында өтіп, кітапхана туралы бейнеролик немесе эссе жазу болатын.Бұл тапсырмаларда орындалып байқауға жолданды.Байқау қорытындысы бойынша Әлімбет модельді ауылдық кітапханасының меңгерушісі Н.А.Дарменова I дәрежелі Диплом және " Үздік ауылдық кітапхана жетекшісі - 2021" бағытында марапатталды.