«1 желтоқсан – Тұңғыш Презинт күні» мерекесіне орай кітапханада «Дара тұлға-дана тұлға» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты кітапханалық флешбук өткізілді. Мақсаты: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, оқырмандардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, кұрмет сезімін қалыптастыру, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, газет-журналдар, кітап көрмесі. Кітапханашы Тұңғыш Президент жайлы мәлімет берді. Балалық шағы туралы, жұмысшы Нұрсұлтан Президенттің саяси өмірбаяның басталуы, Ғылыми атақтары, Басқа лаузымдары мен мансаптары. Отбасылық жағдайы туралы айтып бердім. Елбасы туралы бірнеше өлеңдер оқылды. Отырғандарды Тұңғыш Президенттің шығармаларымен таныстырылды.
Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық. Президент – біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз. Іс-шара «Елім менің» атты Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеужанов ағамыздың орындауындағы әнмен аяқталды.









