Қарғалы аудандық орталық кітапханасы "Оқы like" жобасы аясында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын оқуға ұсынды. Шығарманы 13.10.21.-13.12.21 уақыт аралығында оқыған оқырмандар арасында онлайн түрде тест жұмысы жүргізілді. Көпшілік арасынан оқ бойы озып шыққан үш оқырман жүлделі үш орынды төмендегіше бөлісті. Олар: Қарғалы аудандық орталық кітапханасының оқырманы Баймұхан Жомарт 1-орын, Қайрақты ауылдық кітапханасының оқырманы Сатубалдина Сырымгуль 2-орын, Степной модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Жомагулова Алтынгуль 3-орын. Қарғалы аудандық орталық кітапханасы аудандық "Оқы like" жобасына қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жүлдегерлерді жүлделі орындарымен, марапаттарымен құттықтайды. Орындарыңыз құтты болсын жүлдегерлер!!!