Қарғалы аудандық орталық кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында,  2021 жылы желтоқсан айының 15 күні, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ардагерлерді марапаттау шарасы өтті. Шара барысында аудан әкімі А.Жүсібалиев облыс әкімдігінің алғыс хаттарымен, облыстық ардагерлер кеңесінің құрмет грамоталарымен марапаттады.     Аудандық балалар кітапханасының жанынан  ашылуы жоспарланып жатырған «Рухани жаңғыру сәби шақтан» атты кабинетінің жабдықталуы барысында жүргізіліп жатырған жұмыстарымен Қарғалы аудандық орталық кітапханасының әдіскері Қартбаев Қанат таныстырды.