Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өткен мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің "Рухани қазына- 2022" Республикалық фестиваліне кітапхана ісі бойынша 11 номинацияға барлық өңірлерден үміткерлер қатысты. Осы фестивалге Қарғалы ауданының, Ақтөбе облысының атынан "Ең үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана" номинациясы бойынша Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ және "Ең үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері" номинациясы бойынша Қарғалы аудандық орталық кітапханасының әдіскері Қартбаев Қанат Талапбайұлы қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша "Ең үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана" номинациясы бойынша біздің Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ ең үздік шығып бірінші орынға ие болып 1000000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты иеленді. Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болсын.
https://gukrzbs.kz/kz/zhanaly-tar/414-rukhani-azyna-2022-respublikaly-festivaline.html#sigFreeId49e470e0e8









