Бүгін, 7 қыркүйекте Петропавл модельді ауылдық кітапханасы, ауылдық клуб және әкімдік қызметкерлерімен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ." Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Тлепиева А., Жолдаудың негізгі тезистерін оқыды.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына арналады. Ең алдымен, Президент Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі мақсаты өзгеріссіз - бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын сапалы түрде арттыру екенін айтты. Осылайша, жаңа экономикалық бағыттың басылымдықтары мыналар болмақ: жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру - мемлекеттік капитализмнен және экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуынан бас тарту; бәсекелестікті дамыту - барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; ұлттық табысты әділ бөлу.

Бекназарова П., Қасым- Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін, мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлу туралы ұсынысын қолдады. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған қаражат тұрғын үй мен білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік өмірге нағыз жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Қасым- Жомарт Тоқаев жастарды оқытуға ұсынған білім гранттары, жеңілдікті несиелер, Ұлттық қор бағдарламасы ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқарады. Қайраттың, ерік - жігердің, қабілеттің, құлшынысы мен ынтасының қоры шексіз, ұлт тағдырын түзейтін де жастар.

Бисембина Назира Мемлекет басшысы халыққа жолдауында біздің жаңа тарихымыз бар екенін және оны бірге жасап жатқанымызды нақты айтты. Президенттің айтқан әрбір тұсына тереңірек тоқталу қажет. Біз Президентін бағытын қолдауға тиіспіз, қазір біздің бірінші басымдық - әлемде бұрын - соңды болмаған саяси шиеленіс тудырған дағдарысты еңсеру. Сондықтан қоғамымыздың тұтастығын сақтау бұрынғыдан да маңызды. Мен Президентімізді толық қолдаймын.

Талқылауға қатысушылар Президентіміздің реформалар жөніндегі барлық ұсыныстарын қолдады. Жұмыс ұзақ, бірақ бұл жол жарқын болашаққа жетелейді.