«Оқы like» жобасы аясында 2022 жылы  үшінші рет ұйымдастырылған байқауға Ақтөбе облысының 90 жылдығына орай Ғалым Ахметовтың «Жем бойында» тарихи романы таңдалды. Байқау қорытындысы бойынша Қарғалы аудандық орталық кітапханасының оқырманы Көшекбаева Ақнұр 1 орынды, Қосестек ауылдық кітапханасының оқырманы Койшибаева Диляра 2 орынды, Қайрақты ауылдық кітапханасының оқырманы Сатубалдин Амангос 3 орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын жеңімпаздар