13 наурыз күні Қарғалы аудандық коворкинг орталығында Наурыз мерекесіне орай Қарғалы аудандық кітапханасының безендіруші-суретшісі Бисимбаева Меруеттің ұйымдастыруымен «Шебердің қолы ортақ» ауданымызға танымал кондитер Жанахмет Мөлдір, қолөнер шебері Мужабаева Кенжемен шеберлік сағаты өтті. Шараға Қарғалы аудандық өлкетану мұражай ұжымы, аудандық кітапхана ұжымы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас есепшісі Гулмира Елеусизова қонақ ретінде шақырылды. Кондитер М. Жанахмет  тәтті бәліш түрлерінің дайындалу жолдарымен, пісірілген бәліштерді мастикамен әсемдеуге арналған  әдістерімен кеш қонақтарымен балалар кітапханасының оқырмандарына шеберлік сағаты өтті.
Қолөнер шебері К.Мужабаева  қазақтың ұлттық нақыштағы қол өнер бұйымдарынан  шолпы, шаш бау,сырға, білезік, алқа,сақина жасау жолдарын қыз балаларға үйретті. Фаомиран материалынан қол өнер жасау бұйымдары шаш әшекейлеу бұйымдарын № 1 Бадамша орта мектебінің 3 «Б» қыздарымен бірге жасап үйренді. Шара соңында шеберлік сағатында  үйренген бұйымдарын сыйлыққа алды, пісірілген тәтті бәліштерден  дәм татып, естелік фотоға түсті.