15 наурызда Қарғалы аудандық орталық кітапханасы «ОҚЫ-like» жобасы аясында ақын және жазушы, көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Тар жол, тайғақ кешу» романы бойынша аудан оқырмандары арасында онлайн байқау ұйымдастырды. Мақсаты: Қоғам арасында кітап оқуды қалыптастыру, кітапты құрметтеуге тәрбиелеу. Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын көпшілік арасында насихаттау. Оқырмандардың арасында автордың шығармасына деген қызығушылықты арттыру. Байқауға Қарғалы ауданының оқырмандары қатысты. Қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы бойынша құрастырылған тест сұрақтарына жауап берді. байқау нәтижесі бойынша Қарғалы аудандық орталық кітапханасының оқырманы Жанахмет Мөлдір бірінші орынға, Жосалы ауылдық кітапханасының оқырманы Сейілхан Гүлдана екінші орынға, Қосестек ауылдық кітапханасының оқырманы Ажимкина Гүлнұр үшінші орынға ие болды. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Жүлделеріңіз құтты болсын жеңімпаздар!
https://gukrzbs.kz/kz/zhanaly-tar/519-tar-zhol-taj-a-keshu.html#sigFreeIdfd97fe807f









