23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай өткен облыстық форумда облыс бойынша марапатталған кітапханашылардың қатарында біздің Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері де марапатталды.
Атап айтар болсақ:
Қарғалы аудандық орталық кітапханасының әдіскері Тулкибаева Жанат Жукешовна Қазақстан Кітапханалар Одағы тарапынан «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
Кітап қорын толықтыру және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Беркимбаева Данна Нурпейсовнаға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының «Алғыс хаты» табысталды.
Сондай-ақ, Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы атынан Қайрақты ауылдық кітапханасының меңгерушісі Жанахмет Мөлдір
Сағынқызы арнайы марапатқа ие болды.
Қарғалы аудандық орталық кітапханасының суретші - безендірушісі Бисимбаева Мерует Ахметовна және Бозтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жаманкулова Тамара Юрьевна С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Марапттарыңыз құтты болсын әріптестер!!!
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елене берсін, шығармашылық табыс тілейміз!
https://gukrzbs.kz/kz/zhanaly-tar/588-23-s-uir-ltty-kitap-k-ni-zh-ne-kitapkhanashylar-k-nine-oraj-tken-oblysty-forumda-oblys-bojynsha-marapattal-an-kitapkhanashylardy-atarynda-bizdi-ar-aly-audandy-ortaly-tandyryl-an-kitapkhana-zh-jesini-yzmetkerleri-de-marapattaldy.html#sigFreeId7899c4b6fc









