Жаңалықтар

Қосестек ауылдық кітапханасында ауыл мектебімен бірласе отырып "Ауғанстан жаңғырығы" атты іс шара ұйымдастырылды. Шара қонағы Ауғанстан ардагері Тертышный Виктор Петрович болды. Оқушылар өздерінің ойларын мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. 

Степной модельді ауылдық кітапханасына Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала жеті қыры" атты Елбасының мақаласы бойынша жылжымалы кітап көрмесі келді. Жылжымалы кітап көрмесінің мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқырман назарына ұсынып, егжей -тегжейлі түсіндіру. Оқушыларды өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге үйрету, тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру,отансүйгіштік, елжандылыққа тәрбиелеу. Кітап көрмемен танысуға Сазды орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары сынып жетекшілерімен келді. Кітап көрмені Әдіскер Баймұханов Жомарт таныстырды. 

 

                              

Республикалық «Бір ел- кітап» акциясы аясында Қарғалы аудандық балалар кітапханасында оқу марафоны өтуде. Әбділда Тәжібаев «Мені де елім еркелетіп өсірген» оқитын №2 Бадамша орта мектебінің 5 «б» оқушысы Мөлдір Бақыт
Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Қарғалы аудандық балалар кітапханасында оқу марафоны өтуде. Әбділда Тәжібаевтың «Қыран қандай бақытты» өлеңі, оқитын №2 Бадамша орта мектебінің 5 «б» оқушысы Канмамай Әсел