Жаңалықтар

Степной модельді ауылдық кітапханасында 1 наурыз алғыс айту күні мерекесіне орай Көпбалалы аналарға арналған "Алғысым шексіз анама" атты мерекелік кеш өткізілді. Кештің мақсаты мерекені атап өту, көпбалалы аналарға алғыс білдіру. Шақырылған көпбалалы аналар: Кенжехан Гүлбаршын Шманова Гүлбану Айтбаева Алтынгүл Куропятникова Ирина Азбергенова Самал Кенжеғұлова Динара Тулеуова Нұржанат. Аналарға арнап әсем ән, мыңбұралған би, өлең шумақтары айтылды және аналары мен балалары арасында ойындар ұйымдастырылды. "Он саусақ"қолөнер клубы жанынан оқушылар аналарына арнап қағаздан гүл жасап, сыйлық жасады.

 

Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында "Алғыс айту- парызым" атты алғыс күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

 

Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен елбасының "Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру'" бағдарламасын аясында "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын көпшілікке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырылуда. Осындай шараның бірі бүгін Əлімбет ауылдық кітапханасында өтті. Шараға ауыл тұрғындары,ұстаздар,оқушылар қатысты. Модератор ретінде сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің əдіскері Баймұхан Жомарт Батиханұлы мақаладағы "Атқа міну мəдениеті","Архив-2015","Дала фолькльорын мен музыкасының мың жылы" тақырыптарында баяндама жасаса,одан əрі,"Алтын адам"- аудандық орталық кітапхана қызметкері Түлкібаева Жанат Жөкешқызы,"Түркі əлемінің бесігі" "Түркі əлемінің, генезисі"-Жосалы орта мектеп балабақшасының тарих пəнінің оқутушысы Елеуов Еркін, "Ұлы жібек жолы" "Ұлы даланың ежелгі өнері жəне технологиялар музейі"-аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жұбан Миржан, "Қазақстан-алма мен қызғалдақтың Отаны"-Əлімбет ауылдық кітапхана меңгерушісі Мылтықбаева Назымгүл.

Степной модельді ауылдық кітапханасында "Ұлы даланың жеті қыры" атты Елбасының мақаласы бойынша тәрбие сағат өтті. Мақсаты балаларды рухани дамыту және тарихымызды насихаттау. Және кітап көрмемен таныстырылды. Қатысушылар саны 10 оқушы.

"Елі үшін туған- ер Сәрке " аудандық ғылыми конференция

Республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында Қарғалы аудандық балалар кітапханасында оқу марафоны өтуде. Әбділда Тәжібаев «Қыран қандай бақытты» өлеңі, оқитын №2 Бадамша орта мектебінің 5 «б» оқушысы Канмамай Әсем

14 ақпан 2019 ж. Əлімбет ауылдық клуб, жəне кітапханасында "Ауған соғысы ардагерлеріне" арналған мерекелік əдеби - концерттік кеш өтті. Кеш қонағы Ауған соғысының ардагері Калиев Асылбек Тезекбайұлы болып, қонақтармен өз-ойын бөлісіп, ауылдастарының алғасына бөлінді.