Жаңалықтар

Степной модельді ауылдық кітапханасында 1 наурыз алғыс айту күні мерекесіне орай Көпбалалы аналарға арналған "Алғысым шексіз анама" атты мерекелік кеш өткізілді. Кештің мақсаты мерекені атап өту, көпбалалы аналарға алғыс білдіру.

1 Наурыз - Алғыс айту күніне, Қарғалы аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары Жанна Мусина мен Какенова Гүлбану және аудандық «Достық» клубының директоры Кужакова Майра Сарсенғалиқызы №2 Бадамша орта мектебінің 1 «ә» сынып оқушыларымен бірге «Ризашылық айтамын» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Тарихымыздан дәстүр, ата-бабамыздан салт болып келе жатқан Ұлы мерекеміз-Наурыз, еліміздің барша азаматтарының жақсы тілек, ерекше қуанышпен атап өтетін үлкен мейрамы. Наурыз мейрамының қарсаңында аудандық балалар кітапханасында «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты этнографиялық сағаты өтті. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған шараға №2 Бадамша орта мектебінің оқушылары қатысты. Мерекелік шара қазақтың «Қамажай» биімен ашылып, әсем әуенге ұласты.

Биыл, қазақтың батыр қыздарының бірі, қайсар және ержүрек  тұлғалар тізімінен орын тапқан Шығыс шынары Мәншүк Мәметованың  туылғанына 95 жыл. Осыған  орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 12 қазанда «Мәншүк – Отан қызы» ерлік сағаты өткізілді.

9 наурыз сенбі күні, Қарғалы ауданының орталығында «Масленица» мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Шараға мекемелер, бөлімдер мен ұйымдар және де ауыл тұрғындары қатысты. Мереке барысында тұрғындарға қызықты сайыстар, спорттық ойындар, концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік іс-шара ауылдық округтерде жалғасын тапты.