Жаңалықтар
Сағи Жиенбаевтың 85 жылдығына арналған "Сырлы ақынның нұрлы жырлары" атты республикалық жазба ақындар мүшайрасы бойынша Қарғалы аудандық орталық кітапхананың әдіскері Баймұхан Жомарт Батиханұлы II орынға ие болды және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Қарғалы аудандық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерейтойына орай Абай өлеңдерін оқу республикалық эстафетасын Байғанин ауданынан қабыл алып, Қобда ауданына жолдайды.
Қарғалы аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерейтойына орай Абай өлеңдерін оқу республикалық эстафетасын жалғастырады және Қарғалы аудандық мәдениет үйінің директоры Мысаевқа және оның қызметкерлеріне жолдайды.















